Дағыстандық файтер Хабиб Нурмагомедов UFC-ден кетіп WWE (World Wrestling Entertainment) компаниясымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Prsoports.kz Sportbible порталына сілтеме жасап.

«WWE маған өздеріне қосылуын сұрады. Қалай қарайсыңдар, жігіттер?» – деп UFC чемпионы өзінің твиттер парақшасында #SmashLesnar хэштегін қолдана отырып жазған.

Қосымша ақпарат:

  • WWE (World Wrestling Entertainment) – рестлингпен айналысатындардың іс-шараларын ұйымдастыратын америкалық компания.
  • Брок Леснар (#SmashLesnar) бұрын UFC-де өнер көрсеткен. Брок - WWE бес дүркін чемпионы. Әлемдегі UFC (аралас жекпе-жек) WWE (рестлинг), NJPW (рестлинг), NCAA (күрес) титулдарын жеңген жалғыз адам.
  • Леснар снымен қатар америкалық футболда ойнаған.