UFC 229 турниріндегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор жекпе-жегінен кейін болған төбелестің салдарынан спортшылар оңай құтылмайын деп тұр.

Жекпе-жектен кейінгі жаппай төбелеске қатысты алғашқы отырыстың қашан өтетіні анықталды.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы алғашқы отырыс күнін 24 қазанға белгіледі. Сол күнге дейін Хабиб пен Конор жекпе-жектерден шеттетілді.

Белгіленген күні болатын отырыста комиссия мүшелері файтерлерді шеттету уақытын созу-созбауға қатысты дауыс береді.

Естеріңізге салсақ, 6 қазанда өткен жекпе-жектен соң Нурмагомедов октагоннан секіріп шығып, Макгрегордың командасымен төбелес шығарған болатын. Енді Хабиб UFC-ден кетуі де әбден ықтимал.