Ақмола облысында шаруа қожалығында жұмыс істейтін Меруерт Сүлейменова гір тасын көтеруден Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Байрақты жарыс Латвияның Даугаупилс қаласында өтіп жатыр. Жарыста әлемнің 35 елінен жиналған 400 спортшы ересектер, жастар U-22 және ардагерлер санаты бойынша күш сынасуда.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысы атынан қатысқан 21 жастағы Меруерт Сүлейменова 63 келі салмақтағылар арасында 24 келі гір тасын көтеріп, әлем чемпионы атанды. Мерует Астрахан ауданындағы Жарсуат ауылындағы шаруа қожалығында қойма меңгерушісі болып жұмыс істейді.