Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты 2018 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың отызыншы турындағы үздіктер құрамасын жариялады, деп жазады prosports.kz.

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Хамит Матаев, «Шахтер-Болат»

Сол жақ қорғаушы: Талғат Кусяпов, «Оқжетпес»

Орталық қорғаушылар: Ренат Абдулин, «Оқжетпес»; Мадияр Нұралы, «Тараз»

Оң жақ қорғаушы: Нұржарық Күнов, «Алтай»

Орталық жартылай қорғаушылар: Артем Касьянов, «Оқжетпес»

Сол жақ жартылай қорғаушы: Сергей Дудкин, «Алтай»

Оң жақ жартылай қорғаушы: Арман Нүсіп, «Қайрат А»

Шабуылшы: Шохан Абзалов, «Байқоңыр»; Самит Чулагов, «Екібастұз»; Қуаныш Бегалин, «Екібастұз»