«Астана» үзіліске шығар алдында сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы ойынап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл кездесу елорда қорғаушысы Юрий Логвиненко үшін «Астана» сапындағы 100-ші ойыны ретінде тіркелді.

Юрий 22 ойынды еурокубоктер аясында өткізсе, ал қалған ойындарды ішкі біріншіліктер аясында өткізген. Логвиненко осы кездесулерде 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың көшін Ненад Эрич (253) бастап тұр. Көшбасшылар тізімінде Абзал Бейсебеков (238) және Дмитрий Шомко (211) бар