Аргентина астанасында жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні басталды. Бүгін кортқа шыққан Дастанбек Ташболатов бірінші айналымда жеңіліс тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті жазды.

Ташболатов Қытайлық Тайпей өкілі Чан Ценгтен екі сет қорытындысы бойынша ұтылды. Есеп - 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, Дастанбек Ташболатов ең соңғылардың бірі болып Олимпиадаға жолдама алған болатын.