Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Ташкенттегі ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Евсеев іріктеудің финалында ресейлік Константин Кравчукпен кездескен. Матч 1 сағат, 13 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.