«Астана» қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы Саят Жұмағали ойыннан кейін «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі өз пікірін айтты. - Мұндай ойында жеңілгеніміз өзекті өртейді. Ойын тізгіні біздің қолда болды. Үш-төрт мүмкіндігімізді оңды пайдалана алмадық. Ешбір футболшы ойынға бей-жай қараған жоқ, бәрі жүз пайыз беріліп ойнады. Жанкүйерлердің қолдауына тек рақметімді айтамын.

Айта кетейік, ақтөбелік клуб өз алаңында ел чемпионынан 1:2 есебімен ұтылған болатын.