UFC президенті Дана Уайт бүгін Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор командасы арасында болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты.

Уайттың айтуынша, Конор Нурмагомедовтың командасын сотқа бермейді. Сондай-ақ, ол ресейлік спортшыға неге чемпиондық белдікті бермегенін айтты.

«Мен осының ортасында болдым. Бізді миллиондаған адам қарап отырды. Хабибке чемпиондық белдікті беру дұрыс болмас еді деп ойлаймын. Бұл оқиғалар торнадосын жасар еді. Сондықтан, бәрін де ішке қарай алып кетті», - деді Уайт.