UFC ұйымының президенті Дана Уайт UFC-229 турнирінен кейін берген сұқбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке АҚШ-қа виза берілмейтінін айтты.

- Жігіттерге (Зубайра, Махачев және Нурмагомедов - авт.) АҚШ-қа ендігі жол жоқ. Оларға виза берілмейді, - деді Дана Уайт.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макргегорға қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшының уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.