Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. D тобында сынға түскен Қазақстан командасы алғашқы матчта Кениядан ұтылды.

Қазақстандықтар үш партия қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Есеп: 23-25, 22-25, 21-25.

Кездесу Жапонияның Хамамацу қаласында өткен болатын. Біздің құрама сапынан ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады. Оның еншісінде 11 ұпай бар.

Ертең Қазақстан волейболшылары Пуэрто-Рикоға қарсы ойнайды.