Жағажай волейболынан Таиландтың Сатун қаласында өткен рейтингілік турнирден қазақстандықтар бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.

Үшінші орынға екі қазақстандық жұп таласқан болатын. Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жұбы жерлестері Алексей Сидоренко және Александр Дьяченкоға жол берді.

Айта кету керек, Сидоренко/Дьяченко жұбы жағажай волейболынан Қазақстандағы ең тәжірибелі спортшылар саналады. Олар 2011 жылы да Сатунда дәл осындай нәтиже тіркеген еді.

Ерлер арасында алтынды Катар, күмісті Иран спортшылары иеленді.