Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (5-0, 3 КО) рингке 13 қазанда Екатеринборда оралады.

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың қарсыласы филиппиндік Йестони Аутида (11-9, 5 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Калицкий өзінің соңғы жекпе-жегін 7 қыркүйекте өткізіп, өзбекстандық Мирзамухаммад Хикматуллаевты төрешілер шешімімен жеңген болатын.