Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісінен соң жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгін таңда отандасымыз Голливудта колумбиялық Дейви Хулио Бассаны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

«Аллаға шүкір, бұл жеңісті мен еліме сыйлаймын, барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Алға, Қазақстан», - деп жазды Мұса жекпе-жектен соң.