Қазақстандық төрешілер Түркияда УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчында қызмет етеді.

«Алтынорду» (Түркия) — ХИК (Хельсинки, Финляндия) матчының бас төрешісі болып шымкенттік Фуркат Атажанов тағайындалды. Оған қызылордалық Азамат Ахметов пен шымкенттік Дархан Төлегенов көмектеседі.

Кездесу 3 қазанда Измир қаласында өтеді.