«Астана» Премьер-Лиганың 25-ші туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасынан басым түсті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл кездесуде елорда командасының қорғаушысы Антонио Рукавина айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша үздік атанды.Осылайша, Сербия құрамасының қорғаушысы ҚПЛ-дағы алғашқы кездесуін өткізді. Оған қоса, тәжірибелі серб 88% нәтижелі пас берді.

Ал айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша екінші орында тағы бір астаналық ойыншы – Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы оған қоса командалас әріпестеріне мүмкіндіктер туғызу бойынша турдың көшбасшысы атанды.

Үздік үштік: 1.Антонио Рукавина («Астана») 7 (88%) 2.Марин Томасов («Астана») 4 (57%) 3.Родригес Секу («Ертіс») 3 (60%)