Қыркүйектің 29-ы мен 30-ы күндері аралығнда өтетін «Алматы Туры-2018» халықаралық көпкүндік веложарысына арналған баспасөз маслихаты өтіп, оған Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Рүстем Байсеитов қатысты, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Рүстем Сәлімұлы осы шараның маңызыдылығын атап, барлық қала тұрғындары мен қонақтарын отандық спортшыларға қолдау көрсетуге шақырды:

- Алматы әкімдігі осы үлкен және қала үшін ауқымды шараны ұйымдастыру үшін көптеген жұмыстар атқарды. «Алматы Туры» біз үшін ерекше шара. Барлық арнайы бекітілген органдар өз міндеттерін толығымен орындап шықты. Өздеріңіз білетіндей биыл жарыстың бағыты өзгерді. Қала ортасына көп көңіл бөлдік. Қатысушылар былтырғыдай индустриалды аймақ пен Момышұлы көшесімен емес, қала ортасымен жүріп, 7 айналым жасайды. Сондықтан, барлық қала тұрғындары мен қонақтарын біздің спортшыларға қолдау көрсетуге шақырамын. Сондай-ақ, биыл ерекше жарыс болады, себебі алғашқы рет өзімізден шыққан алматылық Apple Team командасы қатысады. Ол біз үшін үлкен жетістік. Барлық спорт сүйер қауымды өз велошабандоздарын қолдауға шақыорамын. Жалпы, Алматы осы жарысты жақсы деңгейде өткізуге дайын, осы шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіргім келеді, - деді Рүстем Байсеитов.

Айта кетер жайт, Apple Continental Team – жас қазақстандық велокоманда. Оның құрамында болашағы зор, еліміздің абыройын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген спортшылар өнер көрсетеді.

Қазіргі танда жылдың басынан «Apple Team» 12 халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді.

  • * 1 орын таулы классификация - Tour of Cartier (2.2);
  • * 1 орын командалық есеп - Tour of Mediterranean (2.2);
  • * 1 орын біркүндік жарыс - Tour of Carpatian;
  • * 2 орын таулы классификация - Tour of Mesopotamia (2.2);
  • * 3 орын 2-ші кезең - Tour of Mesopotamia (2.2);
  • * 3 орын 4-ші кезең - Tour of Szeklerland (2.2);
  • * 5 орын 1-ші кезең - Tour of Mediterranean (2.2);
  • * 5 орын 4-ші кезең - Tour of Cartier (2.2);
  • * 7 орын – Horizon Park Race Classic (1.2);
  • * 8 орын – бас классификация - Tour of Mediterranean (2.2).

Осы маусымның екінші жартысында «Алматы Туры» жарысына дайындық жүріп, спортшыларға Еуропалық кезең ұйымдастырылды.

  • * Tour of Szeklerland (ROU) 2.2 UCI
  • * Tour of Carpatian (SVK) n/k
  • * Baltik Chain Tour (EST) 2.2 UCI
  • * Tour of Slovakia (SVK) 2.1 UCI
  • * Tour of Romania (ROU) 2.2 UCI
  • * Tour of Almaty (KAZ) 2.1 UCI

Бұл команданың атынан «Алматы Туры» жарысына шығатын спортшылар: Мақсат Аязбаев, Нұрғали Туребеков, Олег Земляков, Юрий Щербинен, Антон Лаврентьев, Сұлтан Халел, Вадим Галеев, Дмитрий Лукьянов және Павел Гатцкий.