Бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов 1xBet букмекерлік компаниясымен әріптестік бойынша келісімшартқа отырды.

34 жастағы боксшы мен букмекерлік кеңсе арасындағы келісім бір жылға жасалған.

Айта кетейік, Шүменов кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, оның 18-ін жеңіспен аяқтаған. Қалған екеуінде жеңіліп қалды.

Жақында екіжылдық үзілістен соң Бейбіт рингке қайта оралып, Хизия Алтункаяны жеңген болатын.