Промоутер Боб Арум (Top Rank) ESPN телеарнасына Головкин мен Альваресті шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Top Rank Президенті Тодд Dюбефф Головкиннің промоутері Том Леффермен кездеседі. Альвареске келер болсақ, жақында Golden Boy Promotions компаниясымен жаңа келісімшартқа қол қойған болатын. Және олар, өз кезегінде, ESPN-мен тікелей келіссөздер жүргізе алады.

BoxingScene порталының айтуынша, Головкин мен Альварестің ESPN-мен серіктесуі олардың арасындағы үшінші жекпе-жектің болуына зор мүмкіндік жасайды.