Чемпиондар Лигасының 2019/20 маусымынан бастап VAR-бейне қайталау жүйесі қолданылатын болады. Бұл туралы УЕФА-ның твиттердегі ресми парақшасы мәлімдеді.

Сондай-ақ, бұл жүйені 2019 жылғы УЕФА Суперкубогында, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде, Еуропа Лигасының 2020/21 маусымында және 2021 жылы Ұлттар Лигасының финалында қолдану жоспарланып отыр.