«Барселона» клубы «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны алудан бас тартуы мүмкін, деп жазады Mundo Deportivo.

Франция құрамасының ойыншысы сатып алу үшін каталондық клуб 100 миллион евроға шығындалмақ. Сондай-ақ, Поль Погба жаңа командасында кем дегенде 12 миллион евро жалақы тағайындауды талап еткен.

Бұған қоса, футболшының агенті Мино Райола трансферді жүзеге асырғаны үшін қосымша үстемақы алуы мүмкін.

Осыған байланысты, «Барселона» клубының басшылығы бұл трансферден бас тартуы мүмкін. Дегенмен «Пари Сен-Жермен», мадридтік «Реал» және туриндік «Ювентус» қомақты қаржыға шығындалуға әзір.