«Астана» велокомандасы 29-30 қыркүйек күндері Алматыда өтетін «Алматы туры» екі күндік турниріне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Команда құрамы: Жандос Бижигитов, Дмитрий Груздев, Морено Мозер, Руслан Тлеубаев, Луис Леон Санчес, Артем Захаров, Давиде Виллелья.

Спорттық директорлар: Александр Шефер, Сергей Яковлев.