Қыркүйектің 23-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда «Алматы Туры-2018» веложарысына арналған кезекті велошеру өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.Әдеттегідей велошеру таңғы сағат 09:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып, Алматы туры – 2018 веложарысы бастау алатын Астана алаңында аяқталды. Бұл жолғы велошерудің қашықтығы 11,3 шақырымды құрады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 800 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады. Sport Expo Kazakhstan халықаралық көрмесі велосипедтерінің бірін Алматы қаласының үшінші сынып оқушысы Әмір Батыров ұтып алды.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он жетіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.Сонымен қатар, велошеру қатысушыларын басқа тосын сый күтіп тұрды, олар кәсіби шабандоздармен жарысып, бағалы сыйлықтар мен Almaty Bike жүйесінің бір жылдық сертификаттарын ұтып алуға мүмкіндік алды. Велошеруге арнайы қонақтар - 29 және 30 қыркүйекте өтетін «Алматы Туры 2018» қатысушылары Қазақстан ұлттық құрамасының шабандоздары келді.

«Алматы Туры» әлемнің кәсіпқой велошабандоздары қатысатын көпкүндік веложарыс болып саналады. Биыл екі кезеңнен тұратын жарыс алтыншы рет ұйымдастырылады. Велобәйге қыркүйек айының 29-ы мен 30-ы күндері өтеді