Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя инстаграмда мексикалық Сауль Альваресті Геннадий Головкинді жеңгенімен құттықтады.

Сондай-ақ, ол болашақта жанкүйерлердің жекпе-жектің үшінші бөлігін тамашалай алатындарын атап өтті.

«Канело», құттықтаймын! Мексикалық чемпион. Головкин, сен тамаша боксшысың, керемет чемпионсың. Жалғасын көреміз бе? Иә, әрине көреміз. Бірақ, ең алдымен - «Канело» чемпион. Бәрін басынан бастаймыз», - деді Де ла Хойя.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын.