Жанат Жақиянов Бокстан Олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебін басқаратын болды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жақиянов аталмыш мектепте 2007 жылғы қыркүйек айынан бапкер-оқытушы болып қызмет атқарған. Мектеп ұжымына Жанат Жақияновты директор ретінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин таныстырды.