«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс Чемпиондар лигасының 1-ші турында «Шалькеге» қарсы ойында негізгі құрамда шықты.

37 жастағы қақпашы Чемпиондар лигасында 20 маусым бойы өнер көрсеткен алғашқы футболшы атанды.

Касильяс мадридтік «Реал» сапында Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын 1999 жылы өткізіп, содан бері 167 (рекорд) кездесуге қатысқан. Икер турнирді үш рет жеңіп алған болатын.