«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының бірінші турында ПСВ қақпасына гол соқты.

Осылайша, Месси Чемпиондар лигасында 14 және одан да көп маусым бойы гол соғып шыққан тарихтағы екінші ойыншы атанды. Аргентиналық футболшы «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Раульдің жетістігін қайталады.

Бұл матчта хет-трик жасаған Месси тағы бір рекорд орнатты. Ол Чемпиондар лигасында ең көп хет-трик жасаған футболшы атанды – 8 рет. Ал Криштиану Роналду 7 мәрте бір ойында үш гол соққан.

Айта кетейік, «Барселона» бұл ойында ПСВ-ны 4:0 есебімен ұтқан болатын.