Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 23 қыркүйекте Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Аталған ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Жетісу»).
Алаңдағы ойыншылар: Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Тайнан, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов (бәрі – «Қайрат»), Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин (екеуі де – «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Александр Довгань (клубсыз), Антон Рындин («Аят»).
Матч 23 қыркүйек күні Баку қаласында өтеді. Матчтың басталуы 18:00-де.
Комментарии