Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасының қақпашысы Асылжан Алин мансабын "Ақтөбе" футзал клубында жалғастырады.

Қарағанды футзал мектебінің 21 жастағы Асылжан түлегі бұған дейін қарағандылық "Тұлпар" сапында доп тепкен. Биыл Алматыда өткен студенттер арасында әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.