Қазақстан әйелдер құрамасының екінші командасы Таиландтағы Азия кубогының алғашқы матчында Иранды жеңе алмады.

Біздің волейболшылар 2:1 есбімен алда келе жатқан, алайда қарсылас тай-брейкке жеткізіп, жеңіске жетті – 25:23, 17:25, 25:19, 23:25, 6:15.

Енді турнирдің топтық кезеңі аясында Қазақстанның екінші құрамасы Аустралиямен кездеседі.

Айта кетейік, волейболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Жапонияда жиын өткізіп жатыр. Команда 30 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысады.