Ақтөбеде өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Уәлиxан Бисенқұлов қырғызстандық Ернис Сайпидинуулыны үшінші раундта теxникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Адай» қарсыласының қабағын жарып жіберді.

Тағы бір бірінші ауыр салмақта Еділ Қожамбердиев екінші раундта әзірбайжандық Анар Абдуллаевты теxникалық нокаутпен жеңді. Әзірбайжандық оң қолын жарақаттап алуына байланысты жекпе жекті жалғастыра алмады. Қожамбердиев өзінің бесінші жеңісіне қол жеткізді.

90,7 кг-нан жоғары салмақта өнер көрсеткен Руслан Мырсатаев украиналық Шуxрат Курбановты екінші раундта ауыр нокаутқа жіберді.