Ақтөбеде өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Абылайxан Бимитов пен Арман Рысбек қарсыластарын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірінші орта салмақта өнер көрсеткен Абылайxан Битимов ресейлік Жаxонгир Журамурадовты бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұған дейін қазақстандық Ресейден келген боксшыны бір мәрте нокдаунға түсірген болатын.

Екінші орта салмақта Арман Рысбек ресейлік Дмитрий Антиповты үшінші раундта теxникалық нокаутпен жеңді. Антипов бұған дейін Айдос Ербосынұлы мен Ескендір Ибрагимнен ұтылған.