Германияның Мюнхен қаласында тұратын Ясмин Қарабазар кикбоксинг пен муайтайдан әлем және Еуропа чемпионаттарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz Azattyq порталына сілтеме жасап.

Спортшы алдағы уақытта Қазақстанда өтетін жарыстарға қатысқысы келеді.

Биыл мамырда Киевте ISKA (Халықаралық спорттық кикбоксинг қауымдастығы) ұйымдастырған әлем біріншілігінде 27 жастағы Ясмин Қарабазар чемпион атанды. Бұл – Ясминнің әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Ол бұған дейін муайтайдан Еуропа чемпионаты мен Германия біріншілігінде жеңіске жеткенін айтады.