«Формула 1» автожарысының жеті дүркін жеңімпазы Михаил Шумахердің ұлы «Red Bull» командасымен келісімшартқа отыруға келіссөздер жүргізіп жатыр.

19 жасар Мик Шумахер еуропалық «Формула-3» -те өнер көрсетіп, 10 жарыстың алтауында жеңіске жеткен.

Маусымның қорытындысы бойынша «Формула-1»-ге қол жеткізу үшін оған кем дегенде үшінші орыннан табылу қажет. Қазіргі уақытта спортшы жалпы есепте көшбасшылар тобында.