ФИФА жалға берілетін футболшылар санына шектеу қоюы мүмкін.

Bild.de ақпаратына сүйенсек, осы шешім қабылданса, клубтар көп дегенде сегіз ойыншысын ғана жалға бере алады. Тек 21 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерге ғана ешқандай шектеу қойылмайды.

Айта кетейік, осы маусымда лондондық «Челси» 40 футболшысын, туриндік «Ювентус» 26 ойыншысын жалға берген.