Оңтүстік Корея 2030 жылғы әлем чемпионатын бірге қабылдау үшін Солтүстік Корея, Қытай мен Жапонияға ұсыныс жасамақ.

Оңтүстік Корея спорт министрінің айтуынша, мұндай қадам әлемдегі қазіргі атмосфераны жақсартуға көмектеседі.

Бұған дейін 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдау туралы Ұлыбритания мен Ирландия, Испания мен Португалия ұсыныс жасаған. Сондай-ақ, Марокко, Алжир және Түнис те әлемдік доданы бірге өткізгісі келеді.