Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың (3-1-1) кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы анықталды.

BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, Сатыбалдинова 29 қыркүйекте Мексиканың Тихуан қаласында жұдырықтасады. Аида жергілікті Вероника Вальтиеррамен кездеседі. Вероника үшін бұл кәсіпқой бокстағы дебюті болмақ.

Сатыбалдинова соңғы рет 7 шілдеде Корпус-Кристимен кездескен. Сол жекпе-жекте америкалық Селина Барриостан ұтылып қалды.