WBC Silver титулының иегері Мартин Мюррей 15 қыркүйекте Лас-Вегтаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчы жайлы болжамын айтты.

«Кім мықты болса, сол жеңеді. Тек төрелік әділетті болады деп үміттенемін. Алғашқы жекпе-жекте Головкинге қиянат жасалды деп санаймын. Менің үміттенетінім, төрешілер жеңісті дұрыс берсек екен. Ал өз басым Головкин мерзімінен бұрын ұтады деп ойлаймын», - деді Мюррей.

Айта кетейік, былтыр боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталған болатын.