15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-0, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес ((49-1-2-34 КО) арасында бокс-кеші өтеді.

Golden Boy Promotions ақпараты бойынша арена есігі астана уақыты бойынша 03:00-де ашылып, 15-30 минуттан соң ең алғашқы жекпе-жек басталады. PPV-кардына дейінгі шайқастар «Канело» промоутерлік парақшасында және Головкиннің Facebook парақшасында көрсетіледі.

Басты кард (HBO PPV) 06:00-де басталады: Давид Лемье (39-4, 33 КО) — Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО), Хайме Мунгия (30-0, 25 КО) — Брэндон Кук (20-1, 13 КО), Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) — Мойзес Фуэнтес (25-5-1, 14 КО) жұптары өнер көрсеткеннен кейін жерлесіміз шаршы алаңға шығады.

GGG - «Канело» жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды.