WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың бокс кеші әлемнің 100-ден астам елінде көрсетіледі.

Бұл туралы Prosports.kz боксшының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлімдейді.

Кештің басты ұйымдастырушысы - Юлия Куценконың промоутері, атақты боксшы кіші Рой Джонс.

Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтеді. Астана уақытымен 22:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей трансляцияда көре аласыз.