Бүгін UEFA Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Грузия футболшыларын қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Құрама тізгінін Станимир Стоилов ұстағалы Қазақстан құрамасының ойыны түзелгендей көрінген. Үш жолдастық кездесудегі сәтті ойынынан кейін отандық жанкүйерлер құрамадан үлкен үміт күткен еді. Алайда бүгінгі ойын ойдағыдай болмады.

Ойынның алғашқы таймында қос құраманың гол соғатын көп мүмкіндігі бола қойған жоқ. Матч көбіне орталық алаңда өтті. Есеп қазірге 0:0. Қос құрама сапынан бір-бір ойыншы сары қағазбен жазаланды.

Ал екінші таймда біздің құрама өте сәтсіз өнер көрсетті. Владимир Вайсс шәкірттері нәтижелі ойын көрсетіп, 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттар лигасы. D лигасы

Қазақстан - Грузия - 0:2

Гол соққандар: 0:1 - 69' Чакветадзе, 0:2 - 74' Малый (өз қақпасына)

Қазақстан: Эрич, Малый, Постников, Қуат, Мужиков, Исламхан, Жуков, Щеткин, Муртазаев, Шомко, Бейсебеков;Грузия: Лория, Какабадзе, Кашия, Кверквелия, Квеквескири, Канкава, Казаишвили, Квилитая, Меребашвили, Чакветадзе, Наваловский