«Ақтөбе» футбол клубы ресейлік «Оренбург» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.Матч 10 қыркүйек күні Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақыты сағат 18:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, «Оренбург» Ресей Премьер-Лигасында 10 ұпаймен 5-ші орында келеді.