Бүгін қазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі 13 медаль иеленді, оның 2-еуі алтын, 2-күміс, 9-қола, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме берген Prosports.kz

Қазақ күресінен екі спортшымыз Әбілқайыр Мәуленин (70 кг дейін) және Ерсұлтан Мұзафаров (90 кг дейін) финалға шығып, екі алтын медаль иеленді. Нұрдәулет Жарылғапов қола медаль еншіледі.

Арқан тартыста біздің спортшылар командалық сайыста қола медаль еншіледі. Жеке тартыста команда капитаны Қайратхан Шонгу күміс медаль алды.

Мас-рестлингте спортшыларымыз 5 медаль иеленді, (4 қола, 1 күміс). Медет Есболаев (60к г), Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав Старков (105 кг), Александр Краснов (125 кг), Дарья Нестерова күміс медаль алды (85 кг).

Бүркітші Серікбек Күнтуғанұлы бүркіт салуда үшінші орыннан көрінді. Түркімен күресінен (белбеу күресте) біздің екі спортшы Әділет Шалғынбекұлы (62кг) және абсолютті салмақта Амандық Абылай қола медаль иеленеді.