«Испания Вуэльтасы» велокөпкүндігінің тоғызыншы кезеңі мәреге жетті.
Бұл кезеңде «Dimension Data» командасының мүшесі америкалық Бенджамин Кинг алдына қара салмады. Оның нәтижесі - 5 сағат 30 минут 38 секунд.
Екінші орынды Бауке Моллема («Trek-Segafredo»), үшінші орынды Дилан Тенс («BMC Racing Team») жеңіп алды.
«Астана» командасының мүшесі Мигель Анхель Лопес төртінші келді.
Комментарии