«Астана» велошабандозы «Вуэльта» кезеңінде төртінші келдi
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Испания Вуэльтасы» велокөпкүндігінің тоғызыншы кезеңі мәреге жетті.
Бұл кезеңде «Dimension Data» командасының мүшесі америкалық Бенджамин Кинг алдына қара салмады. Оның нәтижесі - 5 сағат 30 минут 38 секунд.
Екінші орынды Бауке Моллема («Trek-Segafredo»), үшінші орынды Дилан Тенс («BMC Racing Team») жеңіп алды.
«Астана» командасының мүшесі Мигель Анхель Лопес төртінші келді.