Мексикалық боксшы Сауль Альварес былтыр Геннадий Головкинге қарсы өткен алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеткеніне сенімді.

Бокс сарапшылары мен жанкүйерлері бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде, алайда Канело өзінің басым болғанын айтады.

«Головкинмен жекпе-жекті кем дегенде 10 рет қарадым. Жекпе-жекте көптеген қателікке жол берсем де, жеңіске жеткеніме сенімдімін. Мен өз шабуылдарымнан соң Головкиннің ашылғанын пайдалана алмадым. Ұзақ күтіп қалдым, оған көбірек соққы жасай алатын едім», - деді мексикалық боксшы.

Енді Головкин мен Альварес арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.