Сауль Альварес: Головкинмен жекпе-жегімді 10 рет қарадым
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМексикалық боксшы Сауль Альварес былтыр Геннадий Головкинге қарсы өткен алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеткеніне сенімді.
Бокс сарапшылары мен жанкүйерлері бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде, алайда Канело өзінің басым болғанын айтады.
«Головкинмен жекпе-жекті кем дегенде 10 рет қарадым. Жекпе-жекте көптеген қателікке жол берсем де, жеңіске жеткеніме сенімдімін. Мен өз шабуылдарымнан соң Головкиннің ашылғанын пайдалана алмадым. Ұзақ күтіп қалдым, оған көбірек соққы жасай алатын едім», - деді мексикалық боксшы.
Енді Головкин мен Альварес арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.