Украиналық Ua-football.com порталы киевтік «Динамоға» бас бапкер ретінде «Астанадан» уақытша кеткен Роман Григорчукты ұсынды.

Портал Григорчуктың «Черноморецті» Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне алып шыққанын және Әзірбайжанда «Габаламен» «Карабахқа» төтеп бергенін жазған. Енді басылым Григорчук «Астанадан» уақытша кеткенімен, клубқа оралмайды деген ойда. Сондықтан, бұл бапкер киевтік «Динамоны» күшейте алады деген пікір қалдырды.

Айта кетейік, «Астана» мен «Динамо» Еуропа лигасында бір топта өнер көрсетеді.