Алматылық «Қайрат» ел чемпионатындағы үзілісті сәтті пайдаланып қалмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттар лигасы аясында ұлттық командалар матч өткізіп жатқанда, «Қайрат» пен «Зениттің» құрамаға шақырту алмаған футболшылары өзара жолдастық матч ойнайды. Кездесу 9 қыркүйекте Сан-Петерборда өтеді.

«Зенит» осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 16 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Айта кетейік, «Қайрат» сапында «Зениттің» аңызына айналған Андрей Аршавин өнер көрсетеді. Ол «Зенит» сапында жалпы алғанда 10 жыл ойнап, Ресейдің үш дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар, УЕФА Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар, «Зениттің» бапкерлік штабында «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощук пен алматылық клубтың бұрынғы сарапшысы Василий Галямин жұмыс істейді.