«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович италиялық «Сампдориядан» ұсыныс түссе де, неге ресейлік «Оренбургті» таңдағаны белгілі болды.

ALO! ақпаратына сенсек, шабуылшының италиялық клубтан бас тартуына «Оренбург» ұсынған жалақы себеп болған. Деспотович ресейлік клубта «Сампдорияға» қарағанда көбірек жалақы алады.

Айта кетейік, сербиялық шабуылшы биылғы маусымды елордалық «Астанада» бастап, 15 матчта 5 гол соққан болатын.